Фильм Зере – онлайн көру
Сипаттамасы
Теңіз жағасындағы шағын балықшылар ауылында қайғылы жағдай орын алады. Қадір есімді жігіт қайығымен бірге суға батып кетеді. Оның артында әйелі мен қызы қалады. Қайықтың иесі Макош шығынды өтеуді талап етеді. Сара бұл мәселені шешу үшін қызын Макошқа тұрмысқа беруге дайын. Алайда Зеренің жүрегін жаулаған сүйіктісі бар. Қыз өмірінде алғаш рет анасына қарсы шығады. Теңіз жағасында еркін өскен бойжеткен еркінен тыс егде адамға тұрмысқа шығуға қарсы. Алайда Сара аналық борышын өтеп жүрмін деп санайды. Ол Зерені жанындай жақсы көреді және бұл қадам перзентінің қамы үшін жасалды деп ойлайды. «Зере» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.