Хикая Жастық шақ – онлайн көру
Сипаттамасы
Алекс есімді блогер жігіт жас болса да көптеген оқырманның көзайымына айналып үлгерген. Тіпті әлеуметтік желі арқылы біраз табысқа қол жеткізген. Бір күні келеңсіз жайт оны барынан айыра жаздайды. Тікелей эфир арқылы ол Митя есімді баланы ренжітіп, оқырмандарының көңілін қалдырады. Әп сәтте жарнамадан түскен табыс көзінен айырылып, келісім шарттардан құр қала бастайды. Жағдайды түзеп, қалыпқа келтіру үшін Алекс Митя демалып жүрген балалар лагеріне тәлімгер болып орналасуға мәжбүр болады. Енді ол балалардың көңілін тауып, сенімін қайтару тиіс. Бірақ біраз қиындықтарға ұшырайды. Ал лагерь жетекшісі блогер жігіттің дүркіреген атағын өз пайдасына жұмсамақшы. «Жастық шақ» комедиялық телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.