Жеті гүл_bg
logo
Премьера
Алты қыздың ата-анасы дүниеге ұл келгенін қалайды. Бірақ тағдырдың өз жоспары бар. Қыздың қоғамдағы рөлі туралы сыр шертетін лирикалық комедия...
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Жеті гүл – онлайн көру

Сипаттамасы

Алты қыздың ата-анасы жетінші сәбиін асыға күтуде. Үлбіреген үміттері орындалып, жетінші перзенттерінің ұл болғанын қалайды. Құат пен Жұлдыз есімді көпбалалы жұп ырымдап, қыздарына тіпті «ұл» түбірінен басталатын Ұлбосын, Ұлмекен сынды есімдер қойған. Дәрігердің кезекті бақылауында Жұлдыз ұлды болатынын біледі. Отағасының қуаныштан басы айналып, төбесі бір елі көкке жетпей әбден шаттанады. Айтулы күн туып, толғақ қысқан Жұлдыз ауруханаға жол тартады. Бірақ дүниеге қыз әкеледі. Дәрігер қателесіп, ультрадыбыстық тексеруде қызды ұл деп шатастырған екен. Дәл осы тұста отағасы ұлды болғанын тойлатып, думандатып ауруханаға келеді. Қамыққан келіншек не істерін білмей, жыларман күйге түседі. Осы кезде көршісінің ұлына көзі түседі. Ол көрші келіншекке ақша ұсынып, сәбилерді бір күнге ауыстыра тұруға көндіреді. Осылайша күйеуі мен барша жұртты ұл босандым деп сендіреді. Бірақ өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам демекші, күндердің бір күні жасырған құпиясы мәлім болады. Осы кезде оқиға мүлде басқаша өрбиді. «Жеті гүл» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жанрлар
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 33 мин
Түпнұсқа атауы
Жеті гүл
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады