Жолы болғыш Лика – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Лика есімді бикеш қылмыскерлердің сәттілік әкелетін тұмарына айналған. Қызды лас істерге тартқан сайын қарақшылардың айы оңынан туып, келеңсіз жайттардан сытылып кетіп жүреді. Бір күні қылмыс серкелерінің бірі Ликаны сұм іске араластырып, бағынышты күйге түсіреді. Ол аздай миллиондаған қаражат жымқырды деп айыпталған Антон есімді ер адаммен бірге қауіпті іске араласуына тура келеді. Ер адамның үнемі келеңсіздіктерге ұшырап жүретін әдеті бар. Оқыс әрі күлкілі оқиғаларға да жиі тап болады. Тығырықтан шығар жолды енді олар қалай таппақ? «Жолы болғыш Лика» комедиялық телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.