Ам Нямның ғажап оқиғалары_bg
badge
logo
Көңілді әрі ашқарақ кейіпкердің тамаша хикаялары. Бүлдіршіндердің жүрегінен ерекше орын алған туынды
playҚарау 13 маусым
kinoТрейлер

Ам Нямның ғажап оқиғалары – 13 маусым онлайн көру

Сипаттамасы

Бұзық әрі тентек тотықұс Ам Ням мен Ам Няшаның мазасын алып, келемеждей бастайды. Ам Ням ақыр соңында оны жазалап, тәртіпке келтіретін болады. Мұнымен оқиға аяқталмайды. Бірде Тышқан мырзаны құтқаруларына тура келеді. Профессордың үстіне қызыл түсті сұйықтық төгіліп, көлемі үлкейіп, алыпқа айналады. Бойын ашу кернеп, барлығын қуала бастайды. Ақыры Ам Ням оның аузына жасыл түсті сұйықтық құйып, бұрынғы қалпына келтіреді. Бұл қиындықтан енді құтылдым дегенде сиқыршы өрмекші жіберген зұлым роботтарға қарсы тұруға мәжбүр болады. Бұл роботтар жан-жақтарын жайпап өтіп, қирата бастайды. Ал зұлым өрмекші Ам Ням мен Ам Няшаны түрмеге қамап қояды. Ол аздай қансорғыш Дракула кейпіндегі өздері тектес жасыл құбыжық қауіп төндіре бастайды. «Ам Нямның ғажап оқиғалары» мультсериалының 13 маусымын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жыл
Маусымдар
26 маусымдар
Ұзақтығы
2 мин
Түпнұсқа атауы
Cut the Rope: Om Nom Stories
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма хикая?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады

Маусымдар және сериялар

Барлық серияларarrow

Актерлер және түсірілім тобы