Хикая Мафия — отбасылық іс – онлайн көру
Сипаттамасы
Тағдыр Паша мен Яна есімді заңгер мамандығы иелерін тоғыстырып, бір-біріне ғашық етеді. Ғашықтар сөз байласып, отбасыларын бір-бірлерімен таныстыруға бел буады. Бірақ кездесу барысында ғашық жұптың әкелері бір-біріне дұшпан екені белгілі болады. Кезінде жігіттің әкесі қалыңдығының әкесін түрмеге жапқан екен. Сондықтан Пашаның әкесі ұлының Янаға үйленуіне үзілді-кесілді қарсы. Ол тойды болдырмаудың бар амалын жасай бастайды. Әкелері қырқысып жатқанда қос жұп сезімдеріне берік бола ала ма? «Мафия — отбасылық іс» комедиялық телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.