Хикая Отбасы – онлайн көру
Сипаттамасы
Сергей мен Надежда есімді ерлі-зайыптылардың аралары суып, бір-біріне деген өкпе-реніштері көптеп жиналып қалған. Отбасы ұрыс-керістен көз ашпайды. Оған қоса үш баласының мәселелері бар. Бойжетіп келе жатқан қыздары жеткіншек шақтың қиын кезеңіне тап болған. Ал ұлдары тіпті беймаза. Ол аздай, келіншектің енесі де күнделікті күңкілімен күн көрсетпеуде. Жанжалдан шаршаған жұп ажырасудың сәл-ақ алдында тұр. Амалы таусылған ерлі-зайыптылар психолог маманына жүгінуге бел буады. Отбасында орын алып жатқан жағдайлардан хабардар болған психологтың өзі де таңданысын жасыра алмайды. Алайда отағасы психологтың көмегі тимейді, тек ақша шығын болады деп есептейді. Бұл күдігі орынды ма екен? Әлде психологтың көмегі тиіп, түсініспеушіліктердің түп-тамыры айқындала ма? «Отбасы» комедиялық телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.