Ozimiz_bg
logo
Жаңа серия
Олар алаңға жеңіс үшін емес, арман үшін шықты. Футбол олардың тағдырын өзгертті. Олжас Нұрбайдың қызыққа толы сериалы
playҚарау 1 маусым 6 сериясы
kinoТрейлер
favorites

Хикая Ozimiz – онлайн көру

Сипаттамасы

Сабыржан есімді жігіттің өмірі бір сәтте өзгеріп, футбол академиясынан оқудан шығады. Ол аздай, құмар ойындарға бәс тігіп, қарызға белшеден батады. Амалы таусылған жігіт ауылдағы әпкесіне жол тартып, бой тасалай тұруға шешім қабылдайды. Бірақ мұнда нағыз қайнаған қызу тіршілікке тап болады. Жездесі Ерболат әрі ауылдың бетке ұстар кәсіпкері жергілікті стадионға иелік ету үшін тез арада футбол командасын құра бастайды. Әуелде бұл көзбояушылық сияқты көрінгенімен, уақыт өте ол үшін нағыз сынға айналады. Команданың бапкері Әділет кезінде «Қайрат» клубында ойнаған кәсіби футболшы, бірақ ауыр жарақаттан кейін мансабын аяқтап, дене шынықтыру мұғаліміне айналған. Дегенмен футболға деген сүйіспеншілігін жүрегінен өшіре алмаған. Әділет енді жасөспірімдерді жаттықтыруға кіріседі. Сабыржан бастапқыда футболға қайта оралғысы келмейді, жалқауланып, бәрінен бойын аулақ ұстайды. Бірақ команданың рухы мен жаңа орта оны өзгертеді. Әсіресе, Әділеттің қызы Роза оған ерекше әсер етеді. Белсенді, қайсар қыз бейнежазбалар түсіріп, клубты интернетте насихаттайды. Ол әкесінің еңбегін бағалатып, команданың үлкен арманға жол ашқанын қалайды. Роза мен Сабыржан арасындағы қарым-қатынас бірде қызу тартысқа, бірде нәзік сезімге ұласып, оқиғаны одан әрі шиеленістіре түседі. Онымен қоса, олар айтулы сайыста басқа командадан жеңіліп қалады. Бірақ бұл жеңіліс күтпеген қадамдарға итермелеп, жаңа белестерді бағындыруға рухтандырады. «Ozimiz» сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Макс. сапасы
4К (тек ТВ-да)
Аудио
Қазақ тілі
Субтитрлер
Русский
Жыл
Маусымдар
1 маусым
Ұзақтығы
25 мин
Түпнұсқа атауы
Ozimiz
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма хикая?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады