2023
1 сағ 30 мин
16+
Кәсіпкердің үйіне қарақшылар баса-көктеп келеді — бірақ тонау үшін емес. Отбасылық құндылықтар туралы сыр шертетін криминалды комедия
Фильм Шала бандиттер – онлайн көру
Сипаттамасы
Серік есімді кәсіпкер қызының туған күнін атап өту үшін дастархан басына бүкіл отбасын жинайды. Дәл осы кезде үйге мұздай қаруланған қарақшылар баса-көктеп кіріп келеді. Бірақ беттерін бетпердемен тұмшалаған баукеспелер тонау үшін емес, мүлде басқа себеппен келген. Ақша мен мүлік оларды әсте қызықтырмайды. Осы сәтте шақырылған қонақтар, көршілер мен курьерлер келіп, абыр-сабыр басталып кетеді. Баукеспелер келген қонақтардың барлығын кепілге алады. Дүйім жұрт не істерін білмей, абдырап қалады. Деседе осындай аласапыранда араларына сызат түскен отбасы бір-бірін жақсы түсіне бастайды. Алғаш рет бір-біріне құлақ асып, араздығын ұмытады. «Шала бандиттер» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жасыру