Сот мырза – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Михаил Романов есімді азамат қағидаларына берік, әділ әрі шыншыл судья ретінде танымал. Заң алдында бәрі бірдей деген ұғымды ұстанған судьяның өмірі бір сәтте өзгереді деп ешкім ойламаған еді. Бір күні Антон есімді ұлы әкесінің көлігін ескертпей тізгіндеп, мотоциклдегі жігітті қағып кетеді. Бойын үрей билеген жігіт оқиға орнынан қашып кетеді. Ер адам ұлы барлығын мойындап, тиісті жазасын алуы керек деп санайды. Осы мақсатпен ол ұлын полиция бөліміне апаруды жөн көреді. Алайда мотоциклді тізгіндеген жігіт Александр Разин есімді қылмыс серкесінің ұлы екені мәлім болады. Осыдан бір жыл бұрын Михаил Разинді түрмеге жапқан еді. Ер адам осы сәтте ұлының өмірі қыл үстінде екенін түсінеді. Енді ол басқаша әрекет ете бастайды. «Сот мырза» телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.