Жаным, айтсам сене алмассың_bg
logo
Үш дос балық аулауға барып күтпеген шытырман оқиғаларға тап болады. Триллер аралас комедия
geoКонтент сіздің елде қол жетімсіз. Егер сізде VPN қосулы болса, оны өшіріп, бетті жаңартыңыз.

Фильм Жаным, айтсам сене алмассың – онлайн көру

Сипаттамасы

Дастан есімді жігіттің өмірінде қиын кезең белең алып, әйелі екеуінің арасында түсініспеушілік орнаған. Аяғы ауыр келіншек ашуға ерік беріп, отбасының шырқы бұзыла бастаған. Кикілжіңнен шаршаған Дастан достарымен бірге бірнеше күн сауық-сайран құрып келуге шешім қабылдайды. Достарының бірі жолы болмаған кәсіпкер болса, екіншісі — қарапайым учаскелік полицей. Осылайша үш дос кездесіп, балық аулауға аттанады. Алайда үрейге толы шытырман оқиғалардың куәсі атанамыз деп әсте ойламаған еді. Олар қандықол қарақшыларға кезігіп, өмірлері қыл үстінде болады. Әрбір оқиға олар үшін қиын сынаққа айналады. Сындарлы сәтте жігіттер достығын сақтап қала ала ма? «Жаным, айтсам сене алмассың» фильмін Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Жанрлар
Жыл
Ұзақтығы
1 сағ 25 мин
Түпнұсқа атауы
Жаным, ты не поверишь
Жасыруarrow
Сізге ұнады ма фильм?Бағалар ұсыныстарыңызды жақсартады