Хикая Жігіттің сөзі. Қанды жол – онлайн көру
Сипаттамасы
Кеңес Одағы ыдыраған тұста әрбір отбасы жоқшылық тауқыметін тартып, қиын кезеңдерге тап болды. Жаңа дәуірге дағдылануға тура келді. Дәл осы тұста шаһар бозбалалары өз аймақтары үшін қырық пышақ болып, қырқысқа түседі. Ата-аналары күнкөріс қамымен жүргенде балалары топтар мен бандаларға бөлініп, қатігез әлеммен бетпе-бет кездеседі. Ережеге бағынбағандар жұдырықтың астына алынып, соққыға жығылады. Топқа бөлінген бозбалалар сертіне берік. Уәдеде тұру — жігіттіктің белгісі. Дәл осы кезде Андрей есімді 14 жасар бозбала қатарластарының қыспағына ұшырап, қиын кезеңді басынан кешіреді. Себебі жасөспірімнің анасы мен қарындасынан басқа тірегі жоқ. Ақырында ол бандалық топқа қосылуға мәжбүр болады. Осы кезде ол Марат есімді топ мүшесімен танысып, тек мықтының сөзі жүретініне көзі жетеді. Алда оларды көптеген сынақтар күтіп тұр: қарсылас топпен жұдырықтасу, сатқындық, қатігездік, шытынаған тағдырлар мен махаббат. «Жігіттің сөзі. Қанды жол» сериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.