2019-2024
4 маусым
0+
Үлпілдек тіршілік иесі жер бетіне келген сәттен бастап қызықты әрі күлкілі оқиғаларға тап болады
Буба – 2 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Бір орында байыз таппайтын Буба бұл жолы достарымен бірге көңілді оқиғалардың бастамашасына айналады. Ол Гуга есімді тотықұспен, Лула есімді тышқанмен және Спайк есімді кірпімен танысады. Сондай-ақ қатарларына Дуда есімді құрт та қосылады. Буба тышқан Лула мен Гуга есімді тотықұспен бірге жаңажылдық шыршаны безендіре бастағанда бір-бірлерімен біраз келіспей қалады. Бойлары алып шыршаға жете алмайды. Түрлі әдіспен безендіруге тырысса да, істері өңбей қояды. Сағат тілі 12 көрсеткенде ғажап құбылыс орын алып, шырша өздігінен гүлдене түседі. Біраз уақыттан соң мерекелік аласапыран басылып, күйбең күндер орнайды. Бір күні жалыққан Буба ойын құрылғысымен ойнаймын деп, видео ойынның ішіне қалай еніп кеткенін байқамай қалады. Ал тамақтанамын деп тоңазытқышты ашқан сәтте, өрт тудыра жаздап, айналасын аласапыран етеді. Бірде ол мұражайға жолы түсіп, қолындағы банан динозаврдың аузына тіреліп қалады. Оны аламын деп, біраз динозаврлардың ескерткіштерін талқандап үлгереді. Ебедейсіз Буба үнемі осындай оқыс жағдайларға тап болады. «Буба» мультсериалының 2 маусымын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру