2019-2024
4 маусым
0+
Үлпілдек тіршілік иесі жер бетіне келген сәттен бастап қызықты әрі күлкілі оқиғаларға тап болады
Буба – 3 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Бұл жолы Буба қожайындары жоқ үйге тап болады. Күзгі мерекеге сай безендірілген ерекше үй Бубаның қызығушылығын тудырып, ол істің мән-жайын анықтауға кіріседі. Бөлмелердің бірінде ол мыстан кемпірді байқайды. Бет-аузы тұмшаланған мыстан сиқырлы сусын дайындап жатқанын аңғарады. Ол қандай сусын және кемпірдің шын мәнінде кім екенін білгенде, Буба қатты таңқалады. Ал күндердің бір күні Буба көбелек сияқты ұшуды қалап, сол арманын жүзеге асыруды ойластырады. Достары оны бірден қолдайды. Осылайша беліне қызыл шарды байлап, аспанға самғай жөнеледі. Бірақ көп ұзамай ағаш бұтақтарына ілініп, құлайды. Бірақ мұнымен оқыс оқиғалары аяқталмайды. Бірде оны шөл қысып, кокосты жара алмай әбден әбігерге түседі. Тіпті жеміс-жидектерге толы ыдысты төңкеріп те үлгереді. Амалы таусылған Бубаның көзі лимон кесегіне түседі. Бірден лимоннан шырын жасауға кірісе кетеді. Қышқыл шырынды түгел ішкен кезде, мұнысы бекер болғанын ұғады. Бет-аузы тыржиып, күлкілі кейіпке енеді. «Буба» мультсериалының 3 маусымын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.
Елдер
Жанрлар
Жасыру