Хикая Happy End – онлайн көру
Сипаттамасы
Лера есімді бойжеткен қыз бен Влад есімді жас жігіт жастықтың буымен жаман жолға түсіп, есірткі сатумен айналыса бастайды. Көп ұзамай бұл істері өмірлеріне қауіп төндіреді. Олар қылмыскерлерден бас сауғалап, Мәскеуге қашып кетуге мәжбүр болады. Бірақ мұнда да қиындықтарға тап болады. Соңғы ақшаларын пәтерақыға жұмсаған жастар жұмыс таба алмай әбігерге түседі. Амалы таусылған жастар вебкам кәсібіне бет бұрады. Лера камера алдында мың бұралып, ер адамдармен онлайн түрде көңіл көтере бастайды. Бұл кәсіп оларға қыруар ақша табуға мүмкіндік бергенімен, көптеген оқыс оқиғалар мен қиындықтарға әкелетін болады. «Happy End» телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.