Мен кеттім! – 1 маусым онлайн көру
Сипаттамасы
Борис есімді полиция қызметкері жеке өміріндегі келеңсіздіктерге байланысты күйзеліске ұшырап, ішімдікке әуестенген. Қызметіне де немқұрайлы қарап, жауапкершіліктен қашқақтауды әдетке айналдырған. Бірақ бір күні ол адам танымастай болып өзгереді. Қандықол қылмыскерлерді құрықтап, өмірін қатерге тіге бастайды. Ең қауіпті істерді ашуға қол сыбана кірісіп, қарша жауған оққа қарамастан істі аяғына дейін жеткізетін деңгейге жеткен. Әп сәтте қаһарманға айналған жігіт айналасындағыларды есеңгіретіп, аң-таң етуде. Бұл өзгерістің себебін жақындары мен әріптестері түсіне алмауда. Алайда ер адамның ешкімге тіс жармаған құпиясы бар. «Мен кеттім» телехикаясын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.